«А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ көрнекті ғалым-химик, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дәурен Хамитұлы Сембаевтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылуына арналған салтанатты шара өтеді.

Күні: 14 желтоқсан 2023 жыл. Уақыты: сағ 11.00
Мекен-жайы: «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ,
Алматы қ-сы, Уалиханов көшесі, 106 (Шевченко көшесі қиылысы)

Академик Сембаев Дәурен Хамитұлы Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты. Оның тотығу катализі және мұнай химиясы саласындағы еңбектері - ғалымдардың көптеген буындарына үлгі.

Сембаев Д.Х. 1956 жылы Д.В. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технологиялық институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Институт қабырғасында бастады. 1965 жылы кандидаттық, 1982 жылы докторлық диссертация қорғады. 1956 жылдан бастап және 54 жыл ішінде Д.Х. Сембаевтың шығармашылық өмірі мен негізгі ғылыми жетістіктері Химия ғылымдары институтымен тығыз байланыста болды.

1994 жылы Д.Х. Сембаев Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ал 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды.

Академик Д.Х. Сембаев күрделі оксидтік жүйелердің газды модификациясымен байланысты тотығу катализінің жаңа ғылыми бағытын құрды, ванадий оксиді катализаторларының оңтайлы құрамын таңдау және катализатордың стационарлы емес күйлерін реттеу принциптерінің жаңа әдістерін олардың конверсиясы мен селективтілігі ғана емес, сонымен қатар тотығу процесінің бағыты мен механизмі өзгерісін ескере отырып әзірледі.

Д.Х. Сембаев әзірлеген катализаторларының бірі никотин қышқылын синтездеу катализаторы Химия ғылымдары институты мен Лонза (Швейцария) компаниясы арасындағы лицензиялық-патенттік келісімнің нысаны болды, ол әлемнің 50 елінде патенттелген. Осы катализаторды қолдану арқылы РР витаминінің (никотин қышқылы) өнеркәсіптік өндірісі 1998 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Лонза зауытында іске қосылды.

Д.Х. Сембаевтың ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеулер нәтижелері әлемдік деңгейде мойындалып, «Органикалық синтездің катализаторлары» ұжымдық монографиясында (Алматы: Наука, 1992), 400-ден астам мақалада жинақталған және тотығу катализі бойынша негізгі Халықаралық және Еуропалық конференцияларда баяндалған. АҚШ, Ресей Федерациясы, Франция, Германия, Ұлыбритания және басқа елдерде 35 авторлық куәлікпен және 55 патентпен қорғалған.

БАҚ үшін байланыс:

Қадірбеков Қайрат Адырбекұлы,
«А.Б.Бектұрова атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары,
Телефон 291-24-80 Ұялы тел.: 87773461545
Электронды пошта: k.kadirbekov@ihn.kz.